Home / Ғибратнама / Бәязид әл-Бастами тәһәжүд намазын қалай үйренді?

Бәязид әл-Бастами тәһәжүд намазын қалай үйренді?

Аударған Меруерт БАҚДӘУЛЕТҚЫЗЫ

Бәязид әл-Бастами өте кішкентай кезінде бір түні, түннің бір бөлігінде ұйқыдан оянып кетіп, тәһәжүд  намазын оқып отырған әкесін көреді. Сол сәтте бала бірден:

— О, менің әкем, маған дәрет алу мен намаз оқуды үйретіңізші, мен де сізбен бірге Аллаға құлшылық жасайын, — дейді. Әкесі:

— О, кішкентай ұлым менің, сен ұйықтай ғой, сен әлі кішкентайсың, — деп жауап береді ұлына. Бәязид әл-Бастами бірден:

— Ардақты әкешім! Қиямет күні келген кезде мен өзімді Жаратушыға Аллаға былай деймін: «О, Жаратушы Ием! Мен сол бір кезде әкемнен маған дәрет алып, намаз үйретуді сұрап едім, ол болса: «Сен әлі кішкентайсың деп үйретуден бас тартты».

Ұлының бұл жауабын естіп, ойланған әкесі бірден Бәязидке қарап:

— Жоқ! Ант етемін, ұлым, жоқ!, — деп кішкентай ұлының өтінішін орындап, дәрет пен намаз оқуды үйретті. Содан бастап Бәязид әл-Бастами әкесімен бірге тәһәжүд намазын оқитын болды. Кейіннен Бәязид есейе келе руханият шыңына жетіп, әулиелердің қатарын толықтырды.

islam.kz