Home / Ғибратнама / Аллаға сансыз мадақ….

Аллаға сансыз мадақ….

Аллаға сансыз мадақ….

Жайма шуақ жаз ене алмай, суық әрі бұлтты күн…

Жадырған жазбен бірге Рамазанды көп күттім.

Жақындатар бір Аллаға шырағын жағып үміттің

Жас та болсам, бұл пәнидің жалғандығын түсіндім.

Жүрегімде сүйенерім, сүйерім де бір Алла

Жан-жарамды емдеп жазар, сырласым деп біліппін.

Жалықтырған, алдамшы құр, уақыттарда, сабырмен

Жырым жырлап, саған сеніп, аяғымнан тұрыппын.

Жеткіздің де Рамазанға аман-есен, бір Аллам

Жаратушым мейірімді, сенен асқан ұлық кім?

Жақсылыққа үйреттің сен, желкесінде отыздың

Жалғыз сенің махаббатың мәңгі екенін ұғыппын.

Жетелеп те Оразаға, жол көрсеткен туралап

Жарыса айтып, Жарапазан, ұлықтайық күні-түн

Жалбарынған алақанын құр қайтармас мүміннің

Жаратқанның разылығына ұмтылайық, дос-құрбым.

Айсалқын НҰРСАЙЫНҚЫЗЫ