Home / Пәтуә / Жаназа пәтуасы

Жаназа пәтуасы

Бисмиллаһи-р-рахмани-р-рахим
Өлiм хақ және ол әрбiр жаратылған жандының ақыры. Алла тағала Құран Кәрiмде ол жайлы: «Өзектi жанда өлмейтiн пенде жоқ. Сендердiң игiлiктi iстерiңнiң бодауы қиямет күнiнде толық қайтарылады. Тозақтың бетi әрi болып, ұжмаққа кірсеңдер — мұраттарыңа жеткендерiң. Дүние деген — опасыз тiршiлiктiң алдамшы қызығы («Әл Имран» сүресi, 185-аят) «, — дейдi.
Сондықтан әрбір пенде ажал жетпей тұрып Алла тағалаға құлшылық етiп, өзiне жүктелген парыздарды өтеуi тиiс.
Пайғамбармыз (с.ғ.с.) хадис шәріпiнде:

قال صلى الله تعالى عليه و سلم: «أكثروا ذكر هادم اللذات الموت»
«

Дүние ләззәттарын жермен-жексен ететін ажалды естерiңе алыңдар»,- делінген.
Жаназа үкімдері қасиетті Құран Кәрім, Имам әл-Бұхаридің «Сахих әл-Бұхари» — «Әл-Бұхаридің сахихы», Имам әл-Муслимнің «Сахих әл-Муслим»-«Муслимнің сахихы» сияқты хазреті Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың хадис шәріптері, Әбу Ханифа (р.а) мазһабы ғалымдары әл-аллама әл-Хумам Маулана аш-шейх Низамның «Фәтауа әл-Аләмгирия»-«әл-Аләмгирия пәтуалары», «Шарх «әл-Һидая» — «Аш-Шейх әл-Ислам Бурһан ад-Дин ибн әл-Хасан Әли ибн Әбу Бәкр ибн Абд әл-Жәлил әл-Марғинанидің «әл-һидаясына түсіндірме», «Шарх «Фатх әл-Қадир»-«Аш-Шейх әл-Имам Камал ад-Дин Мухаммед бин Абд әл-Уахид ас-Сайуаши әл-мағруф би ибн әл-Хумам әл-Ханафидің «Фатх әл-Қадиріне» түсіндірме», «әл-Бахр ар-Раиқ» Шиһаб ад-Дин бин Ахмад бин Мұстафа» — Шиһаб ад-Дин Ахмад бин Мухаммад бин Мұстафаның «әл-Бахр ар-Раиқы», «әл-Фатауа ат-Татархания» ли-аш-Шейх ад-Даһлауи» — Аш-Шейх ад-Даһлауийдің «әл-Фатауа ат-Татарханиясы», «әл-Жауһарат ан-Наййара» ли-л-Имам Әбу Бакр Әли әл-Мағруф би-л Хаддади әл-Ибади» — әл-Имам Әбу Бәкр Әли әл-Мағруф би-л Хаддади әл-Ибадидің «әл-Жауһарат ан-Наййарасы», «әл-Мухит ли-ас-Сарахси» — Аш-Шейх әл-Алим аш-Шахир Махмұд бин Умар аш-Шағби әл-Ханафи «ас-Сарахсидің Әл-Мухиты», «Табинул хақаиқ» ли-л-Фахр ад-Дин Осман аз-Зайлаъи» — Фахр ад-Дин Осман ибн Али әз-Зайлаъидің «Табинул хақаиқы» секілді т.б еңбектерге сүйеніп жазылды. Өйткені Орта Азия және Қазақстан мұсылмандары осы мәзһаб бойынша амал етеді. Пәтуада халықтың шариғат үкімдеріне қайшы келмейтін салт-дәстүрлері де ескерілді.
Пәтуа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының күллі облыстардағы өкіл имамдарының қатысуымен ҚМДБ төралқасында талқыланып бекітілген. Барлық жерде орындалуы міндетті.

ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫ

Қолданылған әдебиеттер

1. «Шарх әл-Хидая», аш-Шейх әл-Ислам Бурхан ад-дин Абу әл-Хасан Али ибн Абубакр ибн Абду-Жалил әл-Марғинани әл-Ханафи (һижри 593 жылы дүниеден өткен).
2. «әл-Кифая фи шарх әл-Хидая», Маулана Жамалуддин әл-Хауарозми әл- Карлани
3. «Фатх әл- Қадир», аш-Шейх әл-Имам Камалуддин Мухаммад бин Абдул-Уахид бин Масъуд ас-Сайуаси әл-Маьруф бин ибн әл-Хумам әл-Ханафи (һижри 681жылы дүниеден өткен).
4. «Әл-Жаухара ан-Наййира», әл-Имам Абубакр Али әл-Маьруф бин Хаддади әл-Ибади (һижри 800 жылы дүниеден өткен).
5. «Шарх әл-Уиқая», әл-Имам Садр аш-Шариф ас-сани Убайдуллах бин Масъуд әл-Махбуби әл-Ханафи (һижри 745жылы дүниеден өткен).
6. «Радду әл-Мухтар», әл-Аллама аш-шейх Мухаммад Амин аш-шахир бин Абидин.
7. «Әл-Мазахиб әл-Арбаъа», аш-Шейх әл-Алим әл-Фадил Абд ар-Рахман әл-Жазари (һижри 1391 жылы дүниеден өткен).
8. «Фатауа Қазихан», әл-Устаз фахр әл-Милла уа-д-дин Қазихан Мухаммад Мансур әл-Аузажанди әл-Фирғанани әл-Ханафи (һижри 295 жылы дүниеден өткен).
9. «Фатауа Алимгирийя», әл-Аллама әл-Хумам Маулана аш-шейх Низам
10. «Иъана ат-Талибин», Зайн ад-дин ибн Абд ал-Азиз ал-Малибари әл-Фани
11. «Әл-Мабсут», әл-Имам әл-Ажал аз-Захид Шамс әл-Аимма Абубакр Мухаммад бин Абу Сахл Сарахси әл-Ханафи.
13. «Жамиғ ас-Сағир», Әл-Имам әл-Фадил Мухаммад ибн Хасан аш- Шайбани
14. «Сахих әл-Бухари», аш-Шейх әл-Имам әл-Хафиз Абу Абдулла Мухаммад бин Исмаил бин Ибраһим бин әл-Муғира (һижри 194 жылы туылған, 256 жылы дүниеден өткен).
15. «Сахих Муслим», аш-Шейх әл-Имам Абу әл-Хасан Муслим бин әл-Хужжаж бин Муслим әл-Қушайри ан-Найсабури (һижри 204 жылы туылған).
16. «Ас-Сираж әл-Уаххаж», әл-Аллама әл-Фадиль әл-Мухаққиқ әл-Камиль аш-Шейх Мухаммад аз-Захри әл-Ғамрауи (һижри 1852 дүниеден өткен).
17. «Әл-Хуласа фи әл-Фатауа», әл-Алим әл-Фадил аш-Шейх Тахир бин Ахмад Абд ар-рашид әл-Бұхари (һижри 542 жылы дүниеден өткен).
18. «Шарх әл-Жамиғ ас-Сағир», Шамс әл-аиммаһ Мухаммад ибн Ахмад бин Әбу Сухайл ас-Сарахси (һижри 483 жылы дүниеден өткен).
19. «Әл-Мұхит әл-Бурханийю фи әл-Фиқһи ан-Нуғмани», аш-Шейх әл-Алим аш-Шахир Махмұд бин Умар аш-Шағби әл-Ханафи.
20. «Әл-Бахр ар-Раиқ шарх канз ад-дақаиқ», Шиһаб ад-Дин Ахмад бин Мухаммад бин Мұстафа (һижри 1192 жылы дүнеиеден өткен).
21. «Шарх манийат әл-Мусалли», аш-Шейх әл-фадил Ибрахим ибн Мухаммад ибн Ибрахим (һижри 956 жылы өмірден өтті).
22. «Муснад әл-фирдаус», әл-алим аш-Шейх Шаһр Дар ибн Шайравияһ ад-Дайлами (һижри 558 жылы дүниеден өткен).
23. «әл-Фатауа ат-Татарханийа», аш-Шейх ад-Даһлауий, тахқиқ әл-Қади Сажад Хусайн. Пәкістан Құран және ислами ғылымдар басқармасы һ. 1411 жыл.