Home / Мақалалар / Қойлар адамды түріне қарап тани алады – ғалымдар

Қойлар адамды түріне қарап тани алады – ғалымдар

Қойлар адамды түріне қарап тани алады. Мұндай қорытындыны британиялық ғалымдар зерттеу барысында шығарды, деп хабарлайды baq.kz ақпарат агенттігі bbc-ге сілтеме жасап.

Кембридж университетінің зерттеушілері қойларға Джейк Джилленхол мен Эмма Уотсон сынды актерлердің, АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обаманың және Би-би-сиде жаңалықтарды жүргізуші Фиона Брюстің түрін танытып үйретеді.

Қойлар үйретілгеннен кейін өздеріне таныс емес деп ойлаған адамның түрлерін таңдаған. Яғни, ғалымдар бұрынғы фотоларды емес, басқа фотоларды беріп (бірақ сол адамдардың фотосы басқа ракурста) отырған. Қойлар өздері бұрын көрген адамдарды бірден ажыратқан.

Бұл қойлардың адам түрін тани алатын қабілеті бар екендігін көрсетеді.

Бұған дейінгі зерттеулерде қойлардың өздеріне таныс басқа қойларды және нұсқаулықтағы жануарларды тани алатындығы анықталған болатын.

«Біз қойлар фотоға қарап біреуді тани алады ма деген сұраққа жауап іздедік. Сондай-ақ, олар адамның бейнесін екі өлшемді объектіде көре алады ма дегенді анықтағымыз келді», — деді жоба жетекшісі Дженни Мортон.

Сараптамаға сегіз қой қатысты. Оларға бірнеше фотоның арасынан танымал адамдардың фотосын таңдау ұсынылды. Фотоларды екі компьютердің экраны арқылы көріп, қойлар қажетті портретке қарай мұрнымен нұсқаған. Дұрыс жауап берген жағдайда оларға қошемет ретінде тамақ берілді.

Ғалымдар қойлардың танымал адамдарды тани алатын қасиетін анықтаған соң, тағы да бір мақсат пайда болды. Енді қойлар дәл сол адамдарды әртүрлі бұрыштан көре отырып, таниды ма дегенді анықтауға тырысты.

Жануарлар тағы да жақсы нәтиже көрсетіп, әр бұрышта тұрған тұлғаларды таныды.

Осындай сараптаманың түр-түрін жасағаннан кейін қойлар маймылдар мен адамдардың да түрін ажырата алады деген қорытындыға келді.

Зерттеушілер енді қойлар адамның бетіндегі эмоциясын тани алады ма дегенді анықтағысы келіп отыр.

Мүмкін зерттеу қорытындылары арқылы нейродегенеративті аурулар, атап айтқанда Гентингтон және Паркинсон аурулары туралы көбірек білуге мүмкіндік туар.

Зерттеу нәтижесі Лондондағы «Ашық биология» корольдік журналында жарияланды.