Home / Мақалалар / Қағбаның ішінде не бар?

Қағбаның ішінде не бар?

Қасиетті Қағба – адам баласының құлшылық етуі үшін тұрғызылған ең алғашқы Алла үйі. Оның Қағба аталуы сыртқы бейнесінің шаршы болуымен түсіндіріледі, яғни «Қағба – тік төртбұрышты болғандықтан осылай аталған» (Мұжаһид тәпсірі).

Қағба – мұсылман баласының көзі мен жүрегі талпынып тұратын құбыласы. Бұл жөнінде Құран Кәрімде: «Негізінде адам баласы үшін Меккеде алғаш құрылған үй (Қағба) бүкіл әлемге мүбәрак және тура жол» (Әли Ғимран сүресі, 96-аят),–дейді.

Осы уақытқа дейін қалаған адамдар аптасына екі рет Қағбаның ішіне кіріп, намаз оқуларына болатын еді. Алайда, қажылыққа барушылар санының өсуіне және басқа да факторларға байланысты, оның есігі жылына екі рет жоғары лауазымды тұлғалар мен ерекше қонақтар үшін ғана ашылады.

Ұзақ уақыт бойы көптеген адамдар Қағбаның ішкі көрінісін көруге қызығушылық білдіретін еді.  Ішінде болған адамдардың сипаттамаларының рас-өтірігі белгісіз. Бұл бір бауырымыздың Қағбаның ішіне бейне таспамен кіруге қол жеткізгенге дейін орын алды. Таспаның сапасы нашар болғанына қарамастан қызығушылығымызды қандырдық десек те болады.

Қазіргі таңда Қағба іш жағынан мәрмәрмен, жоғарғы қабырғалары жасыл шұғамен қапталған. Тақтайшаларда барлық ел билеген басшылар мен оның қайта тұрғызылуына  ат салысқан тұлғалардың есімдері жазылған.