Home / Мақалалар / Ақтөбедегі «спортшы» әжелердің жаттығуы

Ақтөбедегі «спортшы» әжелердің жаттығуы

Ақтөбедегі аулалардың біріндегі жаттығу алаңында дене шынықтырған әжелер көпшілікті сүйсінтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Спортшы» әжелердің жаттығып жүрген сәтіндегі видео Инстаграмдағы aktobemarket паблигінде жарияланды.
«Ақтөбелік әжелерімізге құрметіміз шексіз. Алла оларға зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр берсін», — деп жазған автор видео мәтінінде.

Желі қолданушылары да әжелерге алғыстарын білдіріп, жақсы тілектер жазуда.

«Қаланың ортасында тұратын тұрғындарға жақсы болды. Оңтүстік батыс аудандарына да жасап берсе, өзім күнде барар ем…», — деген тілегін жеткізіпті қала тұрғындарының бірі Гүлнәзира Сағынғанова.
«Бізде Қызылордада көп жасап жатыр осындайларды, керек нәрсе, жастарға да, үлкендерге де. Жарайсыңдар, ойлап тапқан адамдар», — дейді қызылордалық Ұлан Кәусар.