Home / Жаңалықтар / Өкіл имам сұхбат берді.

Өкіл имам сұхбат берді.

Құрбан айт мерекесіне орай ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов пен ҚР, журналистер одағының мүшесі, баспасөз хатшысы Нұрлан Саматұлы жергілікті «Қазақстан – Орал» телеарнасының «Күншуақ» бағдарламасы арқылы сұхбат берді, Сұхбат Қасиетті Құрбан айт турасында өрбіді. Ұлық күндегі құлшылықтар, құрбан шалу жайында кеңестер айтылды.

Сонымен қатар, өкіл Руслан қажы Тыныштықұлы өз сұхбатында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының Құрбан айт мерекесіне арнаған құттықтауын тұрғындарға жеткізді. Сондай-ақ, құрбан айт мерекесінің тарихына тоқталып, журналисттің сұрақтарына жауап берді.

Діни рәсімдерді атқаруда кездесетін қарама-қайшылықтарды болдырмау, шариғат үкімдеріне сай өткізу мешіттердің имамдары мен молдаларына міндеттеліп отыр.

Түстен кейін «Руханият» бағдарламасы арқылы өз жалғасын тапты. Бұл шараға Орал орталық мешітінің наиб имамы Самат Әлібаев қатысты.

Ендеше, «Құрбан» айт мерекесі құтты болсын, жамағат!

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы