Home / Жаңалықтар / 17 ай жүрексіз өмір сүрген американдық

17 ай жүрексіз өмір сүрген американдық

АҚШ-та жүрек ауыстыруға кезекте тұрған науқастарға, осынау өмірлік маңызы зор ағзасыз өмір сүруге мүмкіндік тудырған жаңа технологияның сынағы сәтті түрде өткен. Стэн Ларкин (Stan Larkin) 17 ай жүрексіз өмір сүрген, осы уақыт аралығында жүрек қызметін оның иыққабына салынған аппарат атқарған екен. Бұл жөнінде CNET хабарлаған болатын.

Ларкинге (қазір ол 25-те) және оның ағасына 10 жыл бұрын «отбасылық кардиомиопатия» деген диагноз қойылған: бұл тұқымқуалайтын миокарда ауруы, 10-20 жастан бастап жүрек біртіндеп жұмыс жасауын тоқтата бастайды. 2014 жылдың желтоқсанында Ларкиннің жүрегін алып тастап, оның орнына жасанды жүрек салып, оны SynCardia Freedom Portable Driver деп аталатын құрылғыға қосып қойған болатын, аталмыш құрылғының салмағы 6 келі әрі ағзаға қанды тасымалдау міндетін атқарады.

Аспап жүректері толықтай соғуын қойған науқастарға есептелінген. Оны иыққапқа салып арқаға асып алады: бұл қанды айдайтын бірінші портативті құрылғы (бұрында жасанды жүрегі бар науқастар салмағы бірнеше жүз келі болатын тұрақты құрылғыға қосылып жататын). SynCardia Freedom Portable Driver 2014 жылы барлық клиникалық сынақтан өткен болатын.

2014 жылы аустралиялық хирургтер әлемде тұңғыш рет үш науқасқа «өлі» жүректі салған болатын. Соғуын қойған жүректі трансплантациялауды ғалымдар аса күрделі оқиға деп атаған: жаңа технологияның арқасында ағзаларды ауыстырып салу артпақ, осылайша, кем дегенде 30 пайыз адам жаны сақталып қалмақ.

Қазіргі таңда ағзаны ауыстыруға деген сұраныс ұсыныстан асып түсіп отыр. АҚШ-тың өзінде-ақ ағзаны ауыстыруға 121 мың адам кезекте тұр, ал күнделікті бұл отаны жедел түрде жасау мүмкіндігінің жоқтығы орта есеппен күніне 22 адам жанының қиылуына әкеліп соғуда.

muftyat.kz сайтынан алынды