Home / Жаңалықтар / Шәкірттер діни білім алуға құштарлы

Шәкірттер діни білім алуға құштарлы

                        Шәкірттер діни білім алуға құштарлы

2014  жылдан бастап ҚМДБ-ның БҚО  бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов келгелі жоғарғы білім ордасы мен медреседе  діни білім алуға шәкірттер саны жыл сайын артып келеді.

   Қазіргі уақытта  университет пен медреседе 64 шәкірт  білім алуда.  Соның ішінде 47 ұлдар болса, 17 қыздар. Алматы қаласындағы Нұр-Мүбарак Египет Ислам  мәдениеті университетінде 20 студент грант иегерлері. (15 ұлдар, 5 қыз бала).

2017 жылда діни білім алуға ЖОО орнына 64 шәкірт ниет білдіріп отыр.  3  бала қарилық оқуға дайындық үстінде жүр.  Ал медресеге түсемін деген 30 шәкірттерге оқу орнынан жанынан  даярлық тобы ашылды.  Даярлық курсын ұйымдастырған Орал облыстық орталық мешітінің наиб имамы, «Орал» медресесі директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Мұратбек Қыстаубаев.

Ал шәкірттердің жетістіктері тоқталар болсақ, Алматы қаласындағы Нұр-Мүбарак Египет Ислам  мәдениеті университеті ішіндегі «Құран» жарысынан 2 орын алған Мұратхан Нәбиғалиев иеленсе,  ал  республикалық медресе  ішінде  БҚО бойынша  қыздар арасынан 1 орынды алған  Гүлназ Самөк (Үшқоңыр медресе),  ал ұлдар арасынан  1 орынды алған  Талғат Қайырғалиев (Астана медресе) иеленді.

Нұр-Мүбарак Египет Ислам  мәдениеті университеті ішіндегі студенттер арасындағы  қазақша күрестен жауырыны жерге тимеген Бақытжан Бектияров жеңімпаз  атанды.

ҚМДБ-на қарасты университет пен медресе шәкірттеріне БҚО бойынша кураторы  болып Алматы қаласындағы Нұр-Мүбарак Египет Ислам  мәдениеті университетінің  3 курс студенті Бейімбет Дүйсенәлі тағайындалды.

Білім алып жатқан шәкірттер мен ниет білдірушілерге Алла разы болып, екі дүниенің ілімін нәсіп етсін!

 ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі