Home / Жаңалықтар / Құрбан айттағы спорттық шара (ФОТО)

Құрбан айттағы спорттық шара (ФОТО)

Қасиетті құрбан айт мерекесіне орай ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Орал облыстық орталық мешітінің алаңында да ересектер, жасөспірімдер мен қыздар арасында асық ату, қазақша күрес, қой көтеру және қазақ күресінен жарыс болып өтті.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Рухани жаңғыру» атты Қазақстан халқына жолдауында ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз-белсенді, білімді және денсаулығы мықты азамат деп ерекше атап көрсеткен. Ал денсаулықтың кепілі-дене шынықтыру мен спорт екені сөзсіз. Бүгінгі құрбан айт мерекесіне арналған спорттық шараға ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен айтулы ұлық мейрамды жасұрпақ саналы түрде ұғынуды мақсат еткен еді. Осыған орай рухани мерекеде жас балаларымызға, келген қонақтарға мерекелік дастархан жайылды.

Атаулы шарада ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы, облыстық орталық мешітінің бас имамы Руслан қажы Сұлтанов сөз алып, қасиетті құрбан айт мерекесімен құттықтап, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Маямеровтың жылы сәлемін жеткізді.

Балаларға базарлыққа балмұздақ беріліп, ұлық мейрамды сезінгендей болды. Сыйлықтарға мәз-мейрам болып, жүздерінде қуаныш биледі.

Облыстық жастар шығармашылық орталықтарының өнерпаздары халық термелерін нақышқа келтіре орындап, әсем әндерін шырқап кештің ажарын аша түсті. Спорттық шарада қол күрес, асық ату, бес асық, қазақ күрестері т.б жарыстар болды. Ұлық мейрамға жиналған жамағат дастархан дәм татып, жылы тілектерін айтып, ықылас ниетін білдіріп, мешіттің ұжымына ризашылықтарын айтып, көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.

Қой көтеруден:

Р. Күнтуғанов

Асық атудан

1-орын А. Темірешов, 2-орын М. Самат, 3-орын Б. Москвин.

Қазақша күрестен

1-орын Т. Көлбай, 2-орын С. Нығмет, 3-орын Б. Ибрагимов

Арқан тартыс

1-орын Сұңқар тобы, 2-орын Хасан тобы, 3-орын Қайсар тобы

Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі