Home / Жаңалықтар / Құран – діннің негізі мен мәні

Құран – діннің негізі мен мәні

ҚМДБ-ның БҚО бойыша өкілдігінің әйелдер-қыздар секторы Орал қаласындағы облыстық мешітінде шәкірттердің ынтасын арттыру мен білімдерін шыңдай түсу мақсатында «Құран – діннің негізі мен мәні» атты тәжуид сайысын ұйымдастырды.

ҚМДБ-ның БҚО бойыша өкілдігінің әйелдер-қыздар секторы өз жұмысында шәкірттерге тек теориялық біліммен сіңіріп қана қоймай, әр саты сайын шәкірттердің ынтасын арттыру, әрі қайталау арқылы білімдерін шыңдап, ынтызарлықтарын ояту мақсатында үнемі сайыс, жарыс, немесе қызықты рухани кештерді дәстүрлі түрде өткізуді басым бағыттардың бірі етіп алған. Ұстаздар мен шәкірттердің ұйымдастырылуымен бұл жолы «Құран – діннің негізі мен мәні» атты 4 кезеңнен тұратын тәжуид сайысы өтті. Сайыс кезеңдері де өте қызғылықты: алғашқысы «Тез әліппе» — мақсаты әр шәкірттің қаншалықты әріптерді жақсы әрі тез танитынын тексеру болса, екінші «Адасқан әріптер» бөлімінде бір минутта үш сөзді құрастырып оқу талабы қойылды. Үшінші кезеңде тәжуид ережелері билет сұрақтарын суырып, қағидаларды қаншалықты меңгергенін көрсетсе, соңғы шешуші «Құран талдау» кезеңінде шәкірттер жеребе суыру арқылы өздерінің қолдарына түскен аятты ережеге сай талдап отырып оқудан құралды. Сайыстың мәресіне жеңімпаздарды шығару дағдысымен, аталған бұл жарыс нәтижесінде Жаннагул Нигметуллина – ІІІ орынды қанағат тұтса, Шынар Қайратова ІІ орынды иеленді. Ал озат танылған Гүлдана Фазылова І орынға шықты.

Сайыста жеңіске жеткен де, қатысқан да мықты саналады емес пе. Шәкірттеріміздің жетістіктері мол, көкіректері ояу, көздері ашық, жүректері иманға толы болғай!

Айсалқын НҰРСАЙЫНҚЫЗЫ,

ҚМДБ-ның БҚО бойынша

әйелдер-қыздар секторының мүшесі