Home / Жаңалықтар / Ғибратты жүздесу

Ғибратты жүздесу

Ғибратты жүздесу

Кеше облыстық «Қазақстан -Орал» телеарнасында «Дін мен дәстүр» атты тақырыбында сұхбат болып өтті.

Атаулы шараға ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы, дінтанушы Нұрлан Қабыкеш, өлкетанушы Сара Танабаева, Құрманғазы саз колледжінің ұстазы Олжас Жаналиев, зейнеткер Ғалия Әбдешова, әнші Асланбек Қуанәлиев, қалалық 44 мектеп-гимназиясының мұғалімі Ләзззат Сейтімова қатысты.

Нұрлан Саматұлы ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен жарық көрген «Дін мен дәстүр» жайында сөз қозғап, қазақтың зиялылары Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарин, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің еңбектеріне тоқталды.

Келген қонақтарда өз пікірлерін айтып, жүргізуші Дархан Нұрланұлы тосыннан сауалдарын қойып, тұщымды ойларымен келген қауым көпшілікті баурап алды.

Басқосуда асыл дінімізді жаңдандыруға, салт-дәстүрімізді құрметтеуге шақырды.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі.