Home / Жаңалықтар / Хижабтағы әйел Сингапур президенті болды

Хижабтағы әйел Сингапур президенті болды

Бүгін, сәрсенбі күні, ресми түрде Халима Якуб Сингапур президенті болып тағайындалды.

Якуб, кезінде Сингапур парламентінің спикері, елдің президенттігіне сайлаусыз-ақ тағайындалған екен – сайлау комиссиясының анықтауынша, ол берілген критерилерге сәйкес жалғыз кандидат болып табылғандықтан, сайлау жасаудың қажеті болмапты.

Ислам қағидаларына сай хижаб киетін 63 жасар мұсылман әйел, жарты ғасырда Сингапурда сайланып отырған тұңғыш әйел-президент деп хабарлайды New York Times. Айта кету керек, ол малай халқының өкілі болып табылады.

Президентікке сайлауға түсер алдында, Халима парламенттің депутаты болып, бір саяси партияның бірін басқарған екен.

«Сингапур халқының игілігі үшін қолымнан келер дүниенің бәрін жасаймын деп айтамын, сайлау болды ма, болмады ма бұған еш әсер етпейді», — деп өзінің тағайындалуын түсіндіріп өткен  Якуб.

Сингапурде негізгі билік премьер-министрде, ал президент болса салтанатты немесе сиимволикалық рөл атқарады.

muftyat.kz сайтынан алынды