Home / Жаңалықтар / Турцияда тек «әйелдерге ғана арналған» троллейбустер бар (Фото)

Турцияда тек «әйелдерге ғана арналған» троллейбустер бар (Фото)

Мұндай троллейбустердің жүргізушілері де өңкей әйелдер.

Түркияның шығысында орналасқан Малатья қаласында жаңа оқу жылы басталғанынан бері ерекше тек «әйелдерге ғана арналған» троллейбустер жұмыс істей бастаған деп жазады  newsturk.ru ресурсы.

Мұндай қоғамдық транспорт түріне тек өңкей нәзік жандар ғана қызмет көрсетеді.

«Әйелдер» троллейбустері алыстан мен мұндалап тұрады – олар ашық қызыл түске боялған. Олар бірнеше қала бағыттары бойынша жүреді, соның ішінде, жергілікті Инен атындағы университетке де барады, бұл жаңалықты студент-қыздар қуана қабылдады. Бір қызығы, бұл троллейбустердің жолаушылары ғана емес, сонымен қатар, жүргізушілері де өңкей нәзік жандар болғандықтан, кейбір кездерде ер адамдарға бұл транспорт тек қыз-келіншектерді ғана тасиды деп түсіндіруге тура келеді.

muftyat.kz сайтынан алынды