Home / Жаңалықтар / Теолог «Орал» орталық мешітінің жамағатымен кездесті

Теолог «Орал» орталық мешітінің жамағатымен кездесті

«Орал» орталық мешітінде Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, теолог маманы Ақбөпе Тілегенова жамағатпен кездесу өткізді.

Бесін намазынан кейін кездесуде Ақбөпе Қанатқызы «Алып анадан туады» деген тақырыбында уағыз айтып, көпшілік ықыласына бөленді.

Уағызға ақжаулықты аналар, шәкірттер мен мешіт жамағаттары қатысты. Жиын соңында теолог жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауап берді.

ҚМДБ-ның бойынша баспасөз қызметі