Home / Жаңалықтар / Тазалану үшін қағазды қолдануға бола ма?

Тазалану үшін қағазды қолдануға бола ма?

Сұрақ: Дәретханаға барғанда тазалану үшін қағазды қолдануға бола ма? Кейбір адамдар қағазды қолдануға болмайды деп айтады.

Жауап: Бұл айтылған сөзде шындықтың үлесі бар. Қағаздың тапшы уақытында иман келтіргендер үшін қасиетті болған дүниелердің бәрі қағаздарға жазылған болатын.

Сондықтан қағазға біршама қасиеттілік берілген, өйткені сол уақытта қағаздарға негізінен Құранның аяттары, хадистер және басқа да пайдалы дүниелер жазылған еді. Сол себепті де адамдар қағазға құрметпен қараған, бір жапырақ қағаз болса да жерге түсірмеуге тырысқан.

Алайда қазіргі заманда жағдай өзгерген. Бүгінде қағаздан көп нәрсе жоқ әрі ол әртүрлі мақсатта қолданылады. Қажетті әрі пайдалы ақпаратты таратуда ғана емес, сондай-ақ, кейде азғындық пен көргенсіздікті тарататын да құрал болып табылады.

Ендеше, әдепсіз бейнелері бар қағаз беттері қадірлі болып саналмайды.

Қағазға не жазылғандығына байланысты ғана құндылыққа ие бола алады. Сөзсіз, Құран аяттары жазылған қағаздар бүз үшін қасиетті болып табылады.

Ал дәретхана қажеттіліктеріне арнап арнайы шығарылатын қағаздарға келер болсақ, оны пайдалануда тұрған еш әбестік жоқ.

Ибн Абидиннің келесі үкімінде былай айтылған: «Жазуға жарамайтын қағазбен истинжа (әжетханадан кейінгі тазалану) жасау еш айыпты іс емес».

muftyat.kz сайтынан алынды