Home / Жаңалықтар / Сансызбай ұстаздың Орал жамағатымен кездесуі

Сансызбай ұстаздың Орал жамағатымен кездесуі

Орал облыстық орталық мешітінде жексенбінің кешінде ақшам намазынан кейін Әл-Азхар университетінің түлегі, магистр, теология ғылымдарының кандидаты, Сансызбай Құрбанұлы Шоқановпен кездесу болып өтті.

Жиынның басты мақсаты – өскелең жастарды имандылыққа баулып, дін Исламды құрметтеп, ұмытыла бастаған салт-дәстүрлерімізді, ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту, дін мен дәстүрді сабақтастыру мәселелерін қарастыру.

Жиынды жүргізген ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы       Р.Т.Султанов сөз бастап, асыл дініміздің мәні мен мағынасына тоқталды. ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімі басшысының орынбасары Сансызбай Шоқановтың өзін мұсылманмын деп санаған әрбір еркек пен әйелге, жас пен кәріге бірдей пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өмірбаянын, мінез-құлқын дұрыс білуі уәжіп екендігін және тақуалық турасында жиналған жастарға жеңіл де түсінікті жолмен жеткізе білді. Іс-шара барысында жиылған жамағат бірнеше сұрақтар қойып, ұстаздан қанағаттандырарлық жауаптар алды. Салмақты пікірлерді ұйып тыңдаған қатысушылардың бұл жиыннан терең, мағыналы ой түйгені сөзсіз.