Home / Жаңалықтар / РАНТ мүшелері Теректі ауданында

РАНТ мүшелері Теректі ауданында

2017 жылдың 19-шы  қыркүйегінде Теректі ауданына «Тұрақтылық кепілі – қауіпсіздік» жобасы аясында кешенді түсіндіру жұмыстары бойынша жұмыс тобы барып, кең көлемді түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сол күні аудан әкімдігінің жұмыс кабинетінде облыстық топ өкілдерінің аудандық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері, мекеме басшыларының қатысуымен ұйымдастыру жиыны өтті.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары А.Тоғжанов және облыстан БҚО дін істері басқармасының басшысы С.Ғиззатов, ҚМДБ БҚО бойынша өкіл имамы Р.Сұлтанов, ҚМДБ жанындағы құрылған республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі Б.Отарбаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Хусайнова, әйел жамағатымен жұмыс жасайтын ұстаз Г.Ахметова, барлығы 5 адам қатысты. Жиын барысында алдағы жасалынатын жұмыстар мен арнайы жұмыс топтарының бағыт-бағдары бекітіліп, жұмыс жоспары айқындалды.

Ақпараттық түсіндіру тобының ауданға келгендегі негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында діни экстремизм мен терроризм мәселелерінің алдын алу бағытында зайырлы орталар мен діндар жамағат, соның ішінде әйел жамағаты арасында кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру.

Осы күні аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары А.Тоғжанов және БҚО дін істері басқармасының басшысы С.Ғиззатов, ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Р.Сұлтанов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Хусайнова, емхана меңгерушісі А.А.Бахитова, эпидемиолог ЦРВ А.Мурзагереева, ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ж.Н.Сәрсембі, білім беру бөлімінің бас маманы А.А.Султанова, Федоровка қазақ ЖББОМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Теректі ауданы жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының теолог маманы А.Бағдат, Федоровка №1 ЖББОМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.В.Турчина, Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Б.А.Ақташева, Федоровка селолық округі әкімі аппаратының жетекші маманы К.К.Жумакаев, ЖПҚ-нің бастығы полиция подполковнигі Б.Б.Насимуллин, Теректі аудандық мешітінің бас имамы Р.Моллақанағатұлының қатысуымен зайырлы ортамен жұмыс негізінде кездесу өткізілді. Кездесуге қатысушылар саны – 15 адам.

Мұнан кейін кездесу құқыққорғау органы қызметкерлеріне семинар форматында аудандық ішкі істер бөлімінде өз жалғасын тапты. БҚО дін істері басқармасының басшысы С.Ғиззатов, ҚМДБ БҚО бойынша өкіл имамы Р.Сұлтанов, Теректі ауданының ІІБ басшысы полиция подполковнигі Т.Т.Айтуганов ішкі саясат бөлімі өкілдері участкелік полиция инспекторларымен, жедел уәкілдермен кездесіп, ақпараттық материалдар таратты. Қатысушылар саны – 14 адам.

Осы күні аудандық мешітте имамдар, молдалық қызмет атқарушылар, діни жамағатпен облыстық топ өкілдерінің кездесуі болып өтті. Жиналғандарға өкіл имам ҚМДБ жанындағы республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, теолог маман Бауыржан Отарбаевты таныстырды, соңынан РАНТ мүшесі «Ханафи мазхабының фиқһы» бойынша уағыз-насихат айтып, жамағаттың қойған сұрақтарына жауап берді. Қатысқандар саны – 20-ға жуық адам.

 

 

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі