Home / Жаңалықтар / Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі Ақжайық өңірінде (Видео)

Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі Ақжайық өңірінде (Видео)

БҚО Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жолдауымен 11 қыркүйек күні Батыс Қазақстан облысына Республикалық ақпараттық насихат тобының (РАНТ) мүшесі, Оңтүстік Қазақстан облысы орталық мешітінің наиб имамы, теолог Еркебұлан Қарақұлов арнайы келді.

Батыс Қазақстан облыстық өкілдігі тарапынан әзірленген жоспарға сәйкес РАНТ мүшесі 11 қыркүйек күні кешке облыстық орталық мешітте «Мазхаб ұстанудың үкімі және оның пайда болуы» атты тақырыпта уағыз айтты. Шам намазынан кейін басталған уағызға жамағат көп жиналды. Еркебұлан Қарақұлов ұстаздың уағызын жамағат сабырмен ұйып тыңдады. Артынша жамағат көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, ұстаздан тұшымды жауаптарын алды.

Уағыздың негізгі желісі Алланың бізге берген тыныштығы мен бірлігіне шүкір етіп, бағалай білу және әрбіріміз соған өз үлесімізді қосуымыз тиіс деп түйіндеді.