Home / Жаңалықтар / Османның (р.а.) құрма бағы адамдарды 1400 жыл бойы азықтандырып келеді.

Османның (р.а.) құрма бағы адамдарды 1400 жыл бойы азықтандырып келеді.

Бір қызығы, үшінші әділ Халифа Осман иба  Аффанның күнге дейін Мәдинада садақа қоры (вакф) бар. Бұл Румэйа деп аталатын құдық пен құрма бақшасы. Ондағы жемістер Қажылыққа келгендерге тегін таратылады.

Осман ибн Аффан (р.а.) Мединада тұратын еврейлерден бұл құдықты сатып алған. Дәлірек айтқанда, оның жартысын. Олар құдықты кезекпен қолдану туралы шарт жасасқан болатын. Осман (р.а.) өз кезегі келгенде суды тегін тарататын болғандықтан еврей бұл құдықты Османға толықтай сатқан болатын.