Home / Жаңалықтар / Орал облыстық орталық мешітіндегі рухани шара

Орал облыстық орталық мешітіндегі рухани шара

ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан қажы Сұлтановтың  бастамасымен облыстық әйел-қыздар секторының қолдауымен «Рухани жаңғыру» аясында  «Дін ғылымдарының жандануы» атты рухани кездесу болып өтті.

Рухани  шарада   түрік елінен Кония  қаласындағы Нежметтен  Ербаканербакан университетінің 1 курс студенті  Абдурашит Қарабаев Қасиетті құран-кәріммен бастаса, ал облыстық орталық мешітінің бас имамы Руслан Тыныштықұлы сөз алып, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мәні тереңде. ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазіретіміз оған жете мән берілуі қажет,-деп дін қызметкерлері мен дін жанашырларына сеніммен тапсырған болатын.  «Рухани жаңғыру» — асыл дінімізді насихаттап, салт-дәстүрімізді құрметтейтін бағдарлама. Исі мұсылман жамағаты  үшін пайдалы іс-шараларды ұйымдастыру керек. Осыған орай Орал орталық мешітінде «Рухани жаңғыру» аясында  «Дін ғылымдарының жандануы» атты рухани кездесу өткізу тегін емес.  Ақжайық елінде  ақ жаулықты әжелер мен әйел-қыздардың белсенділігі артып, серпіліс бар екенін айтып, болашақта ұл-қыздарымыздың имандылық жолымен өсетіне сенімім мол, -деп ақтілегін білдірді.  «Үшқоңыр» медресесінің 2 курс шәкірті Лидия Рахметтолла Орал орталық мешітінде  өндірістік практикасында өзің-өзі жақсы қырынан көрсете білді. Өкіл имамнан атынан «Алғыс» хат берілді. Мешітіміздің жанашыры «West Үміт» волонтерлар тобының басшысы Айданаға өз ризашылығын жеткізді.

Облыстық орталық мешітінің наиб имамы Мұратбек Қыстаубаев: Аллаға деген махаббат – махаббаттың ең биік шыңы, сезімдердің ең асылы. Бұл махаббат біз үшін өте қажет әрі міндет болып саналады. Махаббатымызды ең бірінші Аллаға арнауымыз қажет. Алланы барлық нәрседен артық жақсы көруіміз қажет,- деп уағызын көпшілікке жеткізсе, ұстаз Бақытгүл Байзақова «Білім мен ғылым»  турасында  ғибратты әңгімелерімен ой бөлісіп, ілімді болуға шақырды.

Келген қонақтарға облыстық әйел-қыздар секторының төрайымы Гүлжамила  Ахметова викториналық сұрақтар қойылып, өкіл имамның атынан жеңімпаздарға  бағалы сыйлықтарды табыстады.

Рухани  шара соңында ақдастархан жайылып, асыл дініміз турасында ғибратты, тағылымды әңгімелер айтылып, көңілді күймен тарасты.

 Нұрлан САМАТҰЛЫ