Home / Жаңалықтар / Оралда «Тәджуид» ережесі бойынша сайыс

Оралда «Тәджуид» ережесі бойынша сайыс

Оралда «Тәджуид» ережесі бойынша сайыс

Жақында «Орал  облыстық орталық» мешітінің діни сауат ашу курсының шәкірттері арасында «Тәджуид» ережесі бойынша жарысы болып өтті.

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Тәджуид» ережесі бойынша білім сайысына мешіт шәкірттері арасынан 10 үміткер тіркелген болатын.

Жарыста ҚМДБ-на қарасты «Орал» медресесінің ұстазы Ринад Акимов пен Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениет университетінің студенті Нүркен Ділмұқанов төрағалық етті.

Шара басында ұстаз Ринад Нұрланұлы сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Шәкірттер жарысқа тыңғылықты әзірленген.

Ал, сайыстың ережесі бойынша сынға түскен шәкірттер арасынан І-орынға Зулкан Елжан лайық деп танылды. ІІ-орынды Сұлтан Искалиев иеленсе, Сәрсенғали Өтеғалиев ІІІ-орын жүлдегері атанды.

Жүлдегердің барлығы да арнайы өкіл имамның дипломымен марапатталды.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі