Home / Жаңалықтар / Мешіт құжаттары -жауапкершіліктің айнасы

Мешіт құжаттары -жауапкершіліктің айнасы

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының іс басқарушы Ербосын Орын мен мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Жәнділлә Бекжігітов Ақжайық өңіріне іссапармен арнайы келіп, Батыс Қазақстан бойынша 43 мешіт құжаттарын тексеруден өткізді.

БҚО қарасты қала мешіттеріңің бас имамдары қатысты.

Алдымен ҚМДБ-ның іс басқарушы Ербосын Бектұрсынұлы мешіт қызметкерлерінің міндеттерін айта отырып, мешіттердің жер телімі мен ғимараттарының құжаттарының талапқа сай болуын жеткізсе, ал мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Жәнділлә Мамытханұлы «Қажылық саласындағы түрлі туристік компаниялардың ұлы қажылықты, ғибадатты туристік сапарға, бизнес көзіне айналдырып жібергені баршамызға аян. Осы мақсатта діни басқарма көп жылдан бері ниет еткен туристік компания биыл құрылып, мақсатымыз бизнеске, туристік сапарға айналған ұлы құлшылық сапарын өз деңгейінде халыққа паш ету. Жалпы, қажылыққа ниет еткен азаматтардың құлшылығын өз деңгейінде атқаруға көмектесу», -керектігін баса айтты.

Барлық мешіт құжаттарының әрқайсысын тексеріп, кейбір заңдастырылмаған мешіттердің құжаттарын реттеп, ҚМДБ-ның арнайы Жарғысы мен Ережесіне сай жұмыс істеуге шақырды.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі