Home / Жаңалықтар / Медресе шәкірттері мемлекеттік емтихан тапсырды

Медресе шәкірттері мемлекеттік емтихан тапсырды

Медресе шәкірттері мемлекеттік емтихан тапсырды

Мұсылмандықтың қырық парызының бірі – білім іздеу. Осыларды басшылыққа алған қазақ ағартушысы Ыбырай Алтынсарин бабамыз балаларды білімге шақырғанда: «Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық», – деп, білімді Алланың атымен бастап, білім алуға насихаттаған.

Бүгін Орал қаласындағы «Орал» медресе бітіруші шәкірттері мемлекеттік емтихан тапсырды. Шәкірттер алдымен қазақстан тарихы пәнінен сынақтан өткен болса, бүгін Құран, фиқһ, араб тілі пәндерінен тапсырды. Аталмыш емтиханды мелекеттік аттестаттау коммисиясының төрағасы ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрсақов, ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов, «Орал медресесінің директоры, аталмыш медресесінің оқу ісі жөніндегі орынбасары Мұратбек Қыстаубаев қабылдады.

Аталмыш медресені 2016-2017 оқу жылы табысты бітіріп, мемлекеттік емтихан тапсырған ұл балалар бөлімінен 12 түлектің Ерболат Үмбетбаев, Данияр Шынасылов, Бағдат Шақаев үшеуі «үздікке», екеуі «Жақсы», қалғаны қанағаттанарлық үлгерім көрсетті.

Бірер күндерде диплом алып, ілім деген аманатты арқалап үлкен өмірге қадам басатын түлектерге Алла Тағала алдағы жолдарын ашсын деп тілейміз!

Нұрлан САМАТҰЛЫ