Home / Жаңалықтар / Жол-патрульдік полициясындағы келелі кездесу

Жол-патрульдік полициясындағы келелі кездесу

Қасиетті қасиетті құрбан айт мерекесіне орай Орал қаласы, ішкі істер басқармасының Жол-патрульдік полиция батальоны акт залында «Жат ағым кесірі-жаһаннам есігі» атты тақырыбында кездесу болып өтті.

Кездесуге ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов, орталық мешітінің наиб Бауыржан Қожагелдиев, аталмыш мекеменің батальон командирінің орынбасары Әсет Қаленов қатысты.

Алдымен Әсет Аманқосұлы келген конақтармен таныстырып, өкіл имамға сөз кезегін ұсынды. Руслан Тыныштықұлы жиналған қауымды келе жатқан қасиетті құрбан айт мерекесімен құттықтап, айт жөнінде уағыз айтса, орталық мешітінің наиб имамы Бауыржан Убалханұлы: «Жат ағым кесірі-жаһаннам есігі» атты тақырыбында уағыз айтып, көпшілік көңілінен шығып, қойылған сауалдарына тұщымды жауаптар алынды.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы