Home / Жаңалықтар / Жер бетіндегі кедей адамдар саны азайды

Жер бетіндегі кедей адамдар саны азайды

     БҰҰ Бас хатшысының бірінші орынбасары Әминә Мұхаммедтің айтуынша,  «шеткі қайыршылық деңгейі 11% дейін төмендеген», бірақ шамамен 767 млн адам әлі де «сұмдық жағдайларда» өмір сүруде. Сондай-ақ, дипломаттың айтуына қарағанда, Шығыс және Оңтүстік Азия елдері қайыршылықпен күресте үлкен жетістіктерге жеткен, алайда Африка қиын аймақ болып қала беруде – континенттегі барлық тұрғындардың 42% кедейлік өмір кешуде. Өткен жылдың қазан айында БҰҰ бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мунның айтуынша, Жер бетіндегі 800 миллиондай адам аштықта өмір сүруде.

muftyat.kz сайтынан алынды