Home / Жаңалықтар / Жаңақала ауданындағы келелі кездесу

Жаңақала ауданындағы келелі кездесу

2017 жылдың 12-13 қыркүйегінде Жаңақала ауданында «Тұрақтылық кепілі – қауіпсіздік» жобасы аясында кешенді түсіндіру жұмыстары бойынша жұмыс тобы барып, кең көлемді түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы, облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығы, БҚО прокуратурасы, облыстық білім басқармасы, «Аманат-Жайық» қоғамдық қоры өкілдері мен қызметкерлері екі күн бойы 3 ауылдық округте кездесулер мен түсінік жұмыстарын ұйымдастырды.

12 қыркүйек күні сағ. 11.00-де аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында облыстық топ өкілдерінің аудандық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері, мекеме басшыларының қатысуымен ұйымдастыру жиыны өтті.

Жиынға облыстан БҚО дін істері басқармасының басшысы С.Ғиззатов, ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Р.Сұлтанов, ҚМДБ жанындағы құрылған республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі Е.Қарақұлов, БҚО прокуратурасының бөлім басшысы А.Оңаев, облыстық дін істері басқармасының бөлім басшысы Б.Семгалиева, облыстық дін істері басқармасының бас маманы Д.Кажушев, «Аманат-Жайық» қоғамдық қорының төрағасы Е.Жұмағожиев, БҚО ДІБ-нің «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-ның инспекторы Б.Қожагелдиев, Жәнібек ауданының теологы А.Қаратай, әйел жамағатымен жұмыс жасайтын ұстаздар Б.Бажуова, Г.Ахметова, облыстық білім басқармасының бас маманы А.Қабдір және аудандық АТТ мүшелері және БАҚ өкілдері барлығы 40 адам қатысты. Жиын барысында алдағы жасалынатын жұмыстар мен арнайы жұмыс топтарының бағыт-бағдары бекітіліп, жұмыс жоспары айқындалды.

Ақпараттық түсіндіру тобының ауданға келгендегі негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында діни экстремизм мен терроризм мәселелерінің алдын алу бағытында зайырлы орталар мен діндар жамағат, соның ішінде әйел жамағаты арасында кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру.

 

 

Сол күні Жаңақала аудандық білім бөлімінің акт залында аудан әкімі Н.Қ.Қарағойшин, БҚО дін істері басқармасының басшысы С.Ғиззатов, ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Р.Сұлтанов, ҚМДБ жанындағы құрылған республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі Е.Қарақұлов, БҚО прокуратурасының бөлім басшысы А.Оңаевтардың және аудандық ішкі саясат бөлімі өкілдерінің қатысуымен зайырлы ортамен жұмыс негізінде кездесу өткізілді. Кездесуге аудан аумағындағы барлық мектептердің «Дінтану» пәні мұғалімдері, ауылдық округтердегі жастар жетекшілері, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық қызметкерлері қатысты. Жиналғандарға видеоролик көрсетіліп, шеберлік сағаты, ұстаздар тарапынан қойылған сауалдарға жауаптар беріліп, сұхбат жүргізілді. Қатысушылар саны – 90 адам.

 

 

Мұнан кейін кездесу құқыққорғау органы қызметкерлеріне семинар форматында аудандық ішкі істер бөлімінде өз жалғасын тапты. БҚО дін істері басқармасының басшысы С.Ғиззатов, ҚМДБ БҚО бойынша өкіл имамы Р.Сұлтанов, ҚМДБ жанындағы құрылған республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі Е.Қарақұлов, аудандық ішкі саясат бөлімі өкілдері участкелік полиция инспекторларымен, жедел уәкілдермен кездесіп, ақпараттық материалдар таратты. Қатысушылар саны – 45 адам.

 

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі