Home / Жаңалықтар / Жарқын келешек: WiFi тарататын смарт-пальмалар

Жарқын келешек: WiFi тарататын смарт-пальмалар

Кезекті рет келешек қаласы атағын ақтай түсіп, құмды шөлде пайда болған Дубай қаласы тағы да елді естен тандыруда. Енді Дубайдың құрма пальмалары  — өзіндік ерекшелігі бар өсімдік қана емес, сондай-ақ, смарт-құрылғы да, оның көмегімен портативті техниканы зарядтауға болады әрі WiFi қолжетімді. Бұдан бөлек, смарт-пальмалар қарапайым зарядтау жабдығына қарағанда гаджеттерді екі есе тез зарядтайды.

Смарт-пальмалар күн көзінен зарядталып, күн энергиясын өз бойына жинайды. Әрбір пальмада сегіз зарядтау көздері және кез келген бағытта 100 метр жерге дейін жететін WiFi көздері бар.

Қала саябақтарын ғажайып-пальмалармен жабдықтаумен айналысып жүрген компанияның айтуына қарағанда, құрма пальмасының өзіндік ерекшелігін пана, құрылыс материалы және зарядтау жабдығы  түріндегі  өсімдік ретінде іске асыру маңызды болған. 

muftyat.kz сайтынан алынды