Home / Жаңалықтар / Жанашыр жандардың жомарттығы

Жанашыр жандардың жомарттығы

Жанашыр жандардың жомарттығы

Өткен аптада облыстық орталық мешітінің бастамасымен «Бір баланы киіндір» атты қайырымдылық жәрмеңкесі өтіп жатқандығын жазған болатынбыз.

Мектеп оқушыларының демалыс мерзімі аяқталып, мектепке дайындықтары басталаны баршаға аян. Осыған байланысты ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің бастамасымен жеке кәсіпкердің қолдауымен ербалалар мен қыздарға қажетті мектеп формасы (костюм, көйлек, шалбар, аяқ киім, спорттық киімдер т.б.) 459 000 (төрт жүз елу тоғыз мың) теңге тұратын киім–кешектер алынды.

Бұл киімдер көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі отбасылардың, жағдайы төмен жандардың оқушы балаларына берілді.

Аталған киімдерді ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов пен Орал орталық мешітінің ұстазы Светлана Бажуова табыстады. Балалар қуанып, жаңа киімдерін алып, ата-аналар алғыстарын білдірді.

Игі бастама әлі де жалғаса береді. Осындай жақсылықта қолдау берген жеке кәсіпкерлер Айжан Көшербаева, Элвира Арыстанова, Мүсілім Ержанов, Сергей Неделькин, Зоя Полякова, Татьяна Шмелева, Надежда Чудкова,  Меңсұлу Көшербаевалар сынды жомарт жандарға Алла Тағала разы болып, кәсіптеріне береке берсін!

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі