Home / Жаңалықтар / Дубайда әлемдегі ең ірі күн электр станциясы іске қосылады

Дубайда әлемдегі ең ірі күн электр станциясы іске қосылады

Күн электр станциясы — Таяу Шығыстағы энергия көзінің танымал түрі.

Біріккен Араб Әмірлігінде қуаты 700 мегаватт болатын  әлемдегі ең ірі күн электр станциясының жобасы  іске қосылмақшы.  Жоғарытехнологиялық жоба Дубайда жүзеге асады.

The National баспасының мәлімдеуінше,  бірегей электр станциясының құрлысымен Сауд Арабия мен Қытай мердігерлер бірлестігі айналысады.

Алдын-ала деректер бойынша, жоба құны 3,8 миллиард долларға бағалануда.

Электр станция коллекторының биіктігі 260 метр,  мұндай биіктік Жер бетінде бар барлық коллекторлардың ең биігі болып табылады.

muftyat.kz сайтынан алынды