Home / Жаңалықтар / «Достық» үйіндегі семинар

«Достық» үйіндегі семинар

                             «Достық» үйіндегі семинар

Кеше «Достық» үйінде «ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары» тақырыбына арналған шара болып өтті.

 Аталған семинарға «Парасыз болашаққа. Бірге!» сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобилді тобы, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша  департаментінің өкілдігі, ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы, этномәдени бірлестігінің өкілдері, медиаторлар, ЖОО, АООО жанындағы достық клубының мүшелері,қоғамдық келісім мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.

«Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен сыбайлас  жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті анықтауға бағытталған сауалнама жүргізілді.

Сауалнама жүргізілгендердің 75 пайызы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мәселесінің өзекті екендігін көрсетсе, 20 пайыз одан жоғары проблемалар бар деп ойлайды және 5 пайыз сұрақтың маңызды еместігін көрсетті.

Семинар шеңберінде қатысушылар өз ұсыныс-пікірлерімен алмасты.

 ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі