Home / Жаңалықтар / Бір отбасының 7 баласын киіндірді

Бір отбасының 7 баласын киіндірді

Жаңа оқу жылына орай «Орал» орталық мешітінде «Мектепке жол» акциясы өтіп, бір отбасының жеті баласына мектеп сөмкесі мен қажетті құрал-жабдықтар үлестірілді.

Алдымен Орал орталық мешітінің наиб имамы Абдурашит Қарабаев пен мешіт ұстазы Гүлжмила Ахметова сөз сөйлеп, «Отбасы, татулық» жайында уағыз айтып, иманды, ақылды болуды айтып, білім алуға шақырды.

Елбасы мен Дінбасының жас жеткіншектердің мектепке толық баруын қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау мақсатында 1 тамыздан «Мектепке жол” жалпы республикалық акциясы жүруде. Ағымдағы жылдың қыркүйек дейін жалғасын табатын шараның мақсаты – тұрмысы төмен отбасы балаларын мектепке қажетті киім-кешек, құрал-жабдықтармен қамтып, сабаққа баруын қамтамасыз ету.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі