Home / Жаңалықтар / БІЗДІҢ ДƏСТҮРЛІ ДІНИ ЖОЛЫМЫЗДЫ БАСҚА АРНАҒА БҰРУҒА ЕШКІМНІҢ ҚАҚЫСЫ ЖОҚ — БАС МҮФТИ

БІЗДІҢ ДƏСТҮРЛІ ДІНИ ЖОЛЫМЫЗДЫ БАСҚА АРНАҒА БҰРУҒА ЕШКІМНІҢ ҚАҚЫСЫ ЖОҚ — БАС МҮФТИ

Бұл туралы Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Түркістан қаласында өтіп жатқан «Ислам жəне ұлы дала өркениеті» атты конференцияда айтты.

«Аллаға шүкір, біз әлмисақтан мұсылманбыз. Өзгенің мәдениеті мен діни жолымен жүруге міндетті емеспіз. Өзіміздің дүние таным мен тұрмыс салтымызбен әдемі үйлескен діни жолымыз, Хақты тану дағдымыз бар. Оны осы қасиеттерден ажыратуға, басқа арнаға бұруға ешкімнің қақысы жоқ», деп атап өтті Бас мүфти Серікбай қажы Ораз.

Конференцияға Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Əліпбек Өсербаев,  облыстық мəслихат депутаты Əбілқасым Досболов, Мəдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры Айдар Əбуов, тарих ғылымдарының докторы Болат Көмеков, Ясауи ғылыми зерттеу орталығының директоры Досай Кенжетай, ҚМДБ Ғұламалар Кеңесінің мүшелері, өкіл имамдар, теолог-ғалымдар, дін қызметкерлері қатысуда.