Home / Жаңалықтар / Британдықтар қажылыққа велосипедпен жолға шықты

Британдықтар қажылыққа велосипедпен жолға шықты

«Hajj Ride» — Сирияда зардап шеккендерге велосипедпен сапар шегу арқылы қаражат жинау үшін ресми құрылған қайырымдылық.  Оның қатысушылары сегіз британдық болды.

Ummamag.kg сайтының мәлімдегеніндей, бұл акцияның бастамашысы Абдул Вахидтің айтуынша – Лондоннан Мединеге велосипедпен сапар шегу әбден мүмкін болатын нәрсе.

«Соңғы жылдары біз қажылықтың шынайы мәнін ұмыта бастағандаймыз.  Иман келтіргендер бұл қасиетті сапарға жарты жылдап уақыттарын кетіретін. Кейбіреулері тіпті екі жылға дейін үй бетін көрмейтін. Бұл — рухани сапар, сондай-ақ, біз үшін көптеген әртүрлі адамдармен кездесу мүмкіндігі. Біз олармен әңгімелесіп, не жасап жүргенімізді әрі оны не үшін жасайтынымызды айтып береміз», — деді ол.

Аталмыш акция аясында белсенділер Сирия тұрғындарына жәрдем ретінде миллион фунт стерлинг жинауға үміттенеді. Бұл сапар барысында қажылық парызын өтеуге шыққандар сегіз елді басып өтіп, 6 апта ішінде 3 500 км жерді жүріп өтпекші.

Сапар барысында олар Англияны, Францияны, Германияны, Швейцарияны, Италияны, Грецияны, Мысырды басып өтіп, соңғы жер – Сауд Арабиясына ат басын тіремек.

Сапардың соңы қажылық парызын өтеумен аяқталмақ.

Велосипедпен сапарға шығу қайырымдылығының қатысушылары әлемге Исламның шынайы  сұлулығын танытып әрі қоғамға сирия халқының қайғылы жағдайын паш етпекші.

muftyat.kz сайтынан алынды