Home / Жаңалықтар / БАС МҮФТИ ИСЕСКО БАС ДИРЕКТОРЫН ҚАБЫЛДАДЫ (ФОТО)

БАС МҮФТИ ИСЕСКО БАС ДИРЕКТОРЫН ҚАБЫЛДАДЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Астанада Білім, ғылым және мәдениет істері жөніндегі Ислам ұйымының (ИСЕСКО) Бас директоры Әбдел Әзиз Ат-Туэйджри бастаған делегацияны қабылдады.

Реcми кездесуде мәртебелі мейман Қазақстанның Ислам әлеміндегі бүгінгі беделі мен рөлін айрықша атап өтті. Өз кезегінде Бас мүфти ҚМДБ-ның сан-салалы жұмыстарын баяндап берді. Сонымен қатар, Діни басқармаға қарасты оқу орындары туралы сөз болды. Басқосуда әлемдегі мұсылмандардың бүгінгі ахуалы да жан-жақты әңгімеленді.

Әбдел Әзиз Ат-Туэйджри Қазақстан Білім, ғылым және мәдениет істері жөніндегі Ислам ұйымына мүше болғаннан бері екі-жақты қарым-қатынастың арта бастағанын жеткізді. «Содан бері халықаралық деңгейде басқосулар мен конференциялар ұйымдастырылып келеді. Бұл бағыттағы жұмысымыз болашақта да жандана түседі деген сенімдемін», – деп атап өтті ИСЕСКО Бас директоры.

Мейман ҚМДБ жұмыстарын жоғары бағалап, ұйым атынан қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

muftyat.kz сайтынан алынды