Home / Жаңалықтар / Балалар тағы қуанды

Балалар тағы қуанды

Балалар тағы қуанды

ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің бастамасымен облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм мен экология орталығының директоры Виктор Фомингоның қолдауымен мешіт жанынан ашылған ұйымдастырылған діни сауат ашу курсындағы шәкірттерге қайырымдылық шара жасалды.

Қайырымдылық шарасына жазғы діни сауат курсында 40 шәкірт пен тәрбиешілер, ата-аналар қатысып, «Планитария», «Тир» орталықтарында болып, балалардың қуаныштарында шек болмай, көңілдері көтерді.

Осындай игі жақсылықты жасаған өкіл имам мен орталық директоры Виктор Павловичке ата-аналар мен шәкірттерін өз ризашылықтарын білдірді.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі