Home / Жаңалықтар / Ақжайық өңіріндегі ғылыми-тәжірибелік конференция

Ақжайық өңіріндегі ғылыми-тәжірибелік конференция

Кеше облыстық қазақ драма театрында Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Дін және ұлттық тарих» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті.

Конференция жұмысына облыс әкімі Алтай Көлгінов, Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, бас мүфтидің бірінші орынбасары Ораз Серікбай, Атырау облысы Дін істері басқармасы «Ақпараттық-талдау орталылығы» КММ-нің басшысы Мейірбек Құбышев, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры, ф.ғ.д Амангелді Айталы, Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің «Яссауитану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, профессор, философия және теология ғылымдарының докторы Досай Кенжетаев, Қазақстандық қайырымдылық «Уақып» корпоративтік қорының президенті Қайрат Айтбай, «Нұр-Мүбәрәк» Египет ислам мәдениеті университетінің «Исламтану» мамандығының РhD докторанты Нұржан Стамбакиев, Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Жаңабек Жақсығалиев, тарихшы ғалымдар, облыстық, қалалық, аудан ,ауыл мешітінің имам-молдалары, медресе ұстаздары мен шәкірттері, дін саласындағы ақпараттық түсіндіру топтарының мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, дінтану пәнінің мұғалімдері мен ЖОО-ның студенттері, БАҚ өкілдері қатысты.

Мақсаты, еліміздегі діни экстремизм мен радикализм қауіп-қатеріне қарсы тұрудың ғылыми-идеологиялық тәсілдерін пысықтау және практикалық шешімдерін қарастыру. Сонымен қатар қоғамның тұрақтылығын сақтаудағы және жастардың

отансүйгіштік қасиетін қалыптастырудағы дәстүрлі діни құндылықтардың орны мен рөлін ашып көрсету.

Алқалы жиынды облыс әкімі Алтай Сейдірұлы ашып, конференция жұмысына сәттілік тілесе, Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Байұзақұлы құттықтау тілегін жеткізді.

Астана қаласынан арнайы келген Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Серікбай Сатыбалдыұлы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының Ақжайық жұртына ыстық сәлемін жеткізіп, «Қазақ руханиятын жаңғыртудың жаңа кезеңі» атты баяндамасын кеңінен тоқталып, көпшіліктің жүрегіне жеткізе білді.

Одан кейін Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры, ф.ғ.д Амангелді Әбдірахманұлы « Дін және діндарлық: кеше және бүгін», Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетнің «Яссауитану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, профессор, философия және теология ғылымдарының докторы Досай Тұрсынбайұлы «Дін және мәдениет қатынасындағы болмыстық тұжырымдар», «Нұр-Мүбәрәк» Египет ислам мәдениеті университетінің «Исламтану» мамандығының РhD докторанты Нұржан Жақсылықұлы «Қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі діни сауаттылықтың рөлі», Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Жаңабек Жаңабайұлы «Әулиеге құрмет, шыңдық пен күмән» атты баяндамалар тыңдалды.

Шара соңында жиылғандар сауалдарын жолдап, тұщымды жауаптар алды.

Конференция жұмысы одан әрі секциялық бағытта жалғасты.

Нұрлан Саматұлы