Home / Жаңалықтар /  Ақжайықта пресс-конференция өтті

 Ақжайықта пресс-конференция өтті

Қасиетті құрбан айт мерекесіне орай облыстық «Қазақстан -Орал» телеарнасының ғимаратында ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен барша мұсылманның ұлық мейрамы Құрбан айтқа байланысты дайындық жұмыстары туралы пресс-конференция болып өтті.

Айт күні-аса салтанатты, қуанышты күн. Әр иманды адам осы қасиетті күнге ерекше дайындалып, оны мейрамдап өткізсе нұр үстіне нұр. Айт арабтың –«әл ғ’ид» деген сөзі «мейрам», «мереке» деген мағына береді.

Пресс-конференцияда облыстық орталық мешітінің Бас имамы Руслан қажы Сұлтанов: Алдымен исі мұсылман жамағатын Қасиетті құрбан айт мерекесімен құттықтап, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының ыстық сәлемін жеткізіп, тапсырған тапсырмасына орай ұлттық нақышпен өткізетіндігін жеткізді.

Алла қаласа 31 тамыз күні облыстық орталық мешітінің алаңында спорттық шара болатындығын айтып, асық ату, тоғыз құмалақ, балуандар күресі т.б. шаралардың болатындығын жеткізді.

Пресс-конференцияға облыстық діни істері басқармасының қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Облыстық «Қазақстан -Орал», «ТДК-42» телеарналарына ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан қажы Тыныштықұлы «Құрбан айт» жайында сұхбат берді.

Нұрлан САМАТҰЛЫ