Home / Жаңалықтар / Аналармен өткен жүздесу
????????????????????????????????????

Аналармен өткен жүздесу

 Жақында ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан қажы Сұлтановтың бастамасымен облыстық қыздар секторының төрайымы Гүлжамила Ахметованың бастамасымен  « Әжелер-елдің жүрегі» атты дөңгелек үстел басында жүздесті.

Жүздесу басында облыстық орталық мешітінің бас имамы Руслан қажы Сұлтанов сөз алып,  ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының ыстық сәлемін жеткізіп, Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдармаласын оқыған сайын тау бұлағынан сусындағандай жан дүнием тазарып, көңіл –күйім жадырап сала береді.  Өйткені имандылық жолы кішіпейілдікке, кісілікке, қанағаттыққа, жанашырлыққа, ізгілік пен қайырымдылыққа үндейді. Баршамызға ұсынған рухани жаңғыру мен қазақы ұлттық болмысымызды жандандырып, тірілте түсу. Бүгінгі ізгілігіміз бен қайырымдылығымыз жетісе бермейтін қоғам үшін рухани жаңғыруды негізгі өзегіне айналдырған бұл игі бастама деп білемін. Өткен жылы да  облыстық   «Әйелдер мен қыздар» секторы қайырымдылық істер мен игі шараларды көп ұйымдастырып, жамағат көңіліне жылылық пен ізігілікті сыйлады. Әр істеріне береке берсін,-деп оң бағасын берді,-өкіл имам.

Орталық мешітінің ұстазы, БҚО бойынша «Әйелдер мен қыздар» секторының төрайымы Гүлжамила Ахметова жұмысын жаңа бағытқа көтеру мақсатында бірқатар тың шаралар мен жылдық ісің жоспарлап, жиылғандарға ұсынды.

«Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында асыл дініміз бен салт-дәстүрімізді насихаттап, рухымызды асқақтатып, рухани жан дүниемізді байыту. Осы бағытта әрбір аудандармен тығыз қарым-қатынас жасау жолға қойылды. Қыздардың шеберлігін шыңдап, ұлттық қолөнерді дамытуға жұмылдырып, қайырымдылық бағытында да шаралар жасап отырмыз,деді Гүлжамила ұстаз.

Жүздесуге келген әжелер ұсынылған жоспарды қош көріп, Алла ісіңізді оңдасын, дұға  жасады.

Ендеше, ісіңізге береке берсін!

 Нұрлан САМАТҰЛЫ