Home / Без рубрики / «Орал» медресесі шәкірттер қабылдады

«Орал» медресесі шәкірттер қабылдады

Алла Тағалаға иман еткен бір қоғам ортаға шығаруды мақсат еткен Пайғамбарымыз ілім алуға, тәлім-тәрбиеге үлкен көңіл бөлді. Пайғамбарымыздың іс-әрекеттеріне қарайтын болсақ онда біз көбінесе мұғалім, шәкірт, кітап тағы сол сияқты сөздерді көптеп кездестіреміз. Хадис ғылымына бір көз жүгіртсек бұл жайында мыңдаған хадис табарымыз анық.

Бүгін «Орал» медресесіне талапкерлерді оқуға қабылдады. Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарынан оқуға түсуге келген шәкірттер қоғамдық пәндерден емтихан тапсырды.

Сондай-ақ, арнайы құрылған комиссия мүшелері талапкерлермен олардың діннен хабары жайлы, оқуға деген ынтасы жайлы сұхбат жүргізді.

Аталған емтиханның комиссия төрағасы Білім және ғылым бөлімінің меңгерушісі Бақтыбай Бейсенбаев, ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов, «Орал» медресесінің директоры Әлімхан Тұрлыбеков, медресе директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Асылбек Наурызов болды.

Ұстаздар шәкірттерге діни білімнің маңыздылығы, ілім алу жайында баяндап, емтихандарына сәттілік тіледі.

Алла Тағала біздердің біліміміз бен тәрбиемізді Ислам талабына толықтай берік қылсын. Әмин.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы